Ауру тарихы
🚨ШҰҒЫЛ! ФЕРУЗАНЫҢ ӨМІРІН ҚҰТҚАРАЙЫҚ! 🚨
Менің атым Бегимова Феруза, жасым 19-да. 2025 жылдың мамыр айында маған ауыр диагноз қойылды — жедел миелобластты лейкоз, қан обыры.
Сегіз айдан бері мен гематологиялық орталықта ем алып, ауыр химиотерапиядан өтіп жатырмын. Әр күнім — өмір үшін күрес, әлсіздік, ауырсыну және қорқыныш. Бірақ ең қиыны — келесі маңызды қадам жасалмаса, осының бәрі бекер болуы мүмкін екенін түсіну.
Дәрігерлер ашық айтып отыр: егер дің жасушаларын трансплантациялау жасалмаса, ауру асқынып, онда мүмкіндік мүлде қалмайды.
Үндістандағы Fortis клиникасының мамандарымен кеңескеннен кейін, біз осы трансплантацияны сол жерде жасау туралы шешім қабылдадық. Дәл осы ота — менің аман қалуымның жалғыз нақты мүмкіндігі.
Дәрігерлер жақсы, үміт беретін болжамдар айтып отыр. Уақтылы трансплантация жасалса, менің толыққанды өмір сүруге барлық мүмкіндігім бар дейді.
Бірақ сіздердің көмектеріңізсіз мен ол жаққа жете алмаймын.
Мен сіздерге, қымбатты қазақстандықтар, жанайқаймен көмек сұрап жүгінемін. Қазір бұл мен үшін жай ғана ем емес — бұл өмір мен өлімнің мәселесі.
Егер сіздер көмектессеңіздер — мен өмір сүремін.
Егер көмектеспесеңіздер — ауру мені алып кетеді.
Кез келген қолдауларыңыз мен үшін баға жетпес.
Маған өмір сүруге мүмкіндік берулеріңізді шын жүректен сұраймын.
__________________________________________________
Ассаламу алейкум.
Меня зовут Бегимова Феруза, мне 19 лет. В мае 2025 года мне поставили страшный диагноз — острый миелобластный лейкоз, рак крови.
Уже восемь месяцев я нахожусь в гематологическом центре и прохожу тяжёлую химиотерапию. Каждый день — это борьба за жизнь, слабость, боль и страх. Но самое тяжёлое — это понимать, что без следующего шага всё это лечение может оказаться напрасным.
Врачи прямо говорят: без трансплантации стволовых клеток болезнь начнёт прогрессировать, и тогда шансов уже не останется.
После консультации со специалистами индийской клиники Fortis мы приняли решение срочно ехать туда на трансплантацию. Именно эта операция — мой единственный реальный шанс выжить.
Врачи дают хорошие, обнадёживающие прогнозы. Они настроены оптимистично и говорят, что при своевременной трансплантации у меня есть все шансы на полноценную жизнь.
Но без вашей помощи я туда не попаду.
Я обращаюсь к вам, дорогие казахстанцы, с мольбой о помощи. Сейчас для меня это вопрос не комфорта, не лечения «на всякий случай», а вопрос жизни и смерти.
Если вы поможете — я буду жить.
Если нет — болезнь меня заберёт.
Любая ваша поддержка для меня бесценна.
Я искренне прошу вас дать мне шанс на жизнь.